Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Аймағамбетов бүкіл ұстаздар қауымының жүрегін елжіретті

Аймағамбетов бүкіл ұстаздар қауымының жүрегін елжіретті
Фото: gov.kz

Әлеуметтік желіде Сейімбек Қасым есімді жас мұғалімнің жазбасы ұстаздар қауымын тебірентті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ол Threads қосымшасында «Сенің мықты мұғалімің шаршады, Асеке» деп депутат Асхат Аймағамбетовқа қарата жазба жариялайды. Ең қызығы, Аймағамбетов бұл жазбаға кері жауап беріп, көптің көңілінен шықты. 

«Өзім де ұстаз болғандықтан- бұл сөздің артында қаншама еңбек пен тер жатқанын жақсы сеземін. Иә, ұстаз шаршайды, өйткені ол өз жұмысына бүкіл болмысын, жанын салады. Бірақ ұстаздың маңызды бір ерекшелігі бар емес пе? Ол қанша шаршаса да, шәкіртінің күлкісі мен жетістігінен жаңа күш алады. Жүрекпен атқарылған еңбек ешқашан зая кетпейді. Шаршасаңыз да,жолыңыздан таймаңыз», - деді ол. 

Аймағамбетов 2022 жылға дейін Оқу-ағарту министрі қызметін атқарған. Кейін Мәжіліске депутат болып сайланып, заң шығару жұмысына көшті. Соңғы уақытта білім гранттарын бөлу, еңбек нарығына қажет мамандар даярлау, психологиялық қызмет туралы заң жобасы секілді мәселелерді көтеріп жүр.