Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

«Көңілдестерінің есімдері…»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі мәлімдеме жасады

«Көңілдестерінің есімдері…»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі мәлімдеме жасады
Фото: әлеуметтік желіден

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың экс-жұбайы Назым Қахарман жақын арада өмірбаяндық кітабын оқырманға ұсынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оның айтуынша, туынды қазір баспа қарауында жатыр. Кітаптың таныстырылымын осы жылдың күзінде өткізу жоспарланған. Автор еңбегінің автофикшн жанрында жазылғанын атап өтті. Яғни шығарма шынайы оқиғаларға негізделгенімен, көркем әдебиет элементтері де қолданылған.

Назым Қахарман кітапта бұрынғы жұбайының көңіл жарастырған әйелдері және жеке өміріне қатысты жайттарға да тоқталатынын айтты. Оның сөзінше, аталған адамдардың тек есімдері ғана көрсетіліп, өзге жеке деректері жарияланбайды.

Сондай-ақ ол кітапта келтірілген мәліметтерге байланысты қандай да бір талап-арыздар түссе, өз ұстанымын дәлелдеуге дайын екенін жеткізді. Айтуынша, өзінде бұрынғы күйеуіне қатысты хат-хабарлар мен басқа да дәлелдер сақталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді «Её звали Салтанат» атты кітап шығарып, онда қарындасының өмір жолы мен сот процесіне қатысты оқиғаларды баяндаған болатын.