Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Блогер Қайсар Қамзаны елге қашан жеткізеді?

Блогер Қайсар Қамзаны елге қашан жеткізеді?
instagram.com/qais_arr

Блогер Қайсар Қамзаны Қазақстанға қайтару мәселесі бойынша қазақстандық тарап Вьетнамға ресми сауал жіберді. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта Вьетнам тарапы бұл сұрауға қатысты нақты шешім қабылдаған жоқ.

"Қазір Вьетнам бұл мәселеге қатысты шешім қабылдаған жоқ, аталған тұлғаны іздестіру тоқтаған жоқ", – делінген Бас прокуратураның жауабында.

Құзырлы органдардың түсіндіруінше, Қазақстан мен Вьетнам арасында 2017 жылғы 15 маусымда жасалған құқықтық көмек туралы келісім бар. Алайда бұл құжатта күдіктіні ұстап беру туралы сұрауды қараудың нақты мерзімі көрсетілмеген.

Сондықтан Қазақстан тарапының өтініші Вьетнамның ұлттық заңнамасына сәйкес қаралады. Әзірге Қайсар Қамзаға қатысты іздестіру шаралары жалғасып жатыр.