Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Димаш Құдайбергеннің әкесіне қатысты қуанышты хабар тарады

Димаш Құдайбергеннің әкесіне қатысты қуанышты хабар тарады
ашық дереккөзден

Димаш Құдайбергеннің әкесі, белгілі продюсер, композитор әрі музыкант Қанат Айтбаев жоғары мемлекеттік наградаға ие болды. "ДимашАли" шығармашылық орталығының жетекшісі "Парасат" орденімен марапатталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Марапат Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шарада табысталды. Құрметті награданы Мемлекет басшысының атынан ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тапсырды.

Рәсім барысында министр Қанат Айтбаевтың отандық мәдениет пен өнердің дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ оның қазақ музыкасын халықаралық деңгейде танытуға, ұлттық өнерді әлемдік сахнада насихаттауға және қазақстандық шығармашылық мектептің беделін арттыруға сіңірген еңбегі жоғары бағаланды.

Қанат Айтбаев көпшілікке Димаш Құдайбергеннің әкесі әрі продюсері ретінде ғана емес, қазақ өнеріне ұзақ жыл қызмет еткен мәдениет өкілі ретінде де жақсы таныс. Ол шығармашылық орталық арқылы жас таланттарды қолдап, ұлттық өнердің шетелде кеңінен танылуына үлес қосып келеді.

Айта кетейік, "Парасат" ордені ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер салаларын дамытуға айрықша еңбек сіңірген азаматтарға беріледі. Сонымен қатар бұл марапат мемлекеттің рухани және зияткерлік әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосқан тұлғаларға табысталады.

Бөлісу