Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

"Димашжан, қашан үйленесің?" – Әнші елдің көкейіндегі басты сұраққа жауап берді

"Димашжан, қашан үйленесің?" – Әнші елдің көкейіндегі басты сұраққа жауап берді
ашық дереккөзден

Әлемге танылған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген жеке өміріне қатысты көпшілік жиі қоятын сұраққа жауап берді. Өнер иесінің қашан шаңырақ көтеретіні жанкүйерлерін көптен бері қызықтырып келеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Димаштың айтуынша, үйлену туралы сұрақ соңғы уақытта оның күнделікті өміріндегі ең жиі қозғалатын тақырыптардың біріне айналған. Әнші қайда барса да, айналасындағылар осы мәселені сұрайтынын жасырмады.

Өнер иесінің сөзінше, Қазақстанға келген сәттен бастап әуежайдағы паспорт бақылауындағы қызметкерлер де, күтіп алушылар да, жүргізушілер де оған “қашан үйленесің?” деген сауал қояды. Тіпті үйіне жеткен соң жақындары да дастарқан басында осы әңгімені қозғайтын көрінеді.

"Қазақстанға келгенде паспорт тексеретін аға-әпкелерімізден бастап: "Димашжан, қашан үйленесің?" деп сұрайды. Күтіп алушылар, жүргізушілер де осы әңгімені қозғайды. Үйге келсем, таңғы, түскі, кешкі ас кезінде жақындарым сұрайды. Достарым да қызығады. Әр нәрсенің өз уақыты бар ғой. Ең бастысы – таңдауыма өте жауапкершілікпен қарағым келеді. Себебі сезімге беріліп, бір қыздың тағдырына әсер етіп қоюдан қорқамын. Қыз баланың қадірін қастерлеу керек деп ойлаймын. Үйленгеннен кейін сол адаммен бірге қартайып, бақытты ғұмыр кешуді армандаймын", – деді Димаш Құдайберген.