Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

Сүйінші, ағайын! Еркебұлан Тоқтарға қатысты қуанышты хабар тарады

Сүйінші, ағайын! Еркебұлан Тоқтарға қатысты қуанышты хабар тарады
ашық дереккөзден

Қазақстандық спортшы Еркебұлан Тоқтар америкалық блогер әрі бокс промоутері Джейк Пол құрған Most Valuable Promotions лигасында өнер көрсетуі мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы спортшы журналист Әмір Тәжібаевқа берген сұхбатында айтты. Оның сөзінше, қазір Zuffa Boxing ұйымында жұдырықтасу мүмкіндігі шектеулі. Ал Джейк Полдың MVP жобасында бақ сынауға жол ашылуы ықтимал.

"Әзірге Джейк Полдың бокс лигасы. Zuffa Boxing-ке шыға алмаймын, ал MVP-де мүмкіндік бар. Қазір сол жақпен сөйлесіп жатырмыз", – деді Еркебұлан Тоқтар.

Most Valuable Promotions ұйымын 2021 жылы танымал блогер әрі кәсіпқой боксшы Джейк Пол құрған. Лига кәсіби бокс кештерін ұйымдастырып қана қоймай, спортшыларды медиа кеңістікте кеңінен танытуға басымдық береді.

Айта кетейік, Еркебұлан Тоқтар 4 шілде күні Алматыда жекпе-жек өткізеді.