Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Ғарышқа ұшып кеткен астронавтар кенеттен басқа кемеге көшуге мәжбүр болды

Ғарышқа ұшып кеткен астронавтар кенеттен басқа кемеге көшуге мәжбүр болды
RB.ru

Халықаралық ғарыш станциясындағы бір топ астронавт қауіпсіздік мақсатында басқа ғарыш кемесіне көшуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Euronews мәліметінше, NASA экипаж мүшелеріне ықтимал эвакуацияға дайын болуды тапсырған. Бұған станцияның ресейлік сегментіндегі "Звезда" қызметтік модулінде тіркелген ақау себеп болған.

NASA өкілі Бетани Стивенстің айтуынша, "Звезда" модуліндегі PrK деп аталатын өтпелі тоннельде ұзақ уақыттан бері жарықтар мен ауа ағуы байқалып келеді. Бұл мәселе 2019 жылдан бері белгілі және "Роскосмос" оны бақылауда ұстап келген.

5 маусым күні ресейлік тарап ауа шығынын азайту үшін ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізуді бастаған. Осыған байланысты NASA сақтық шарасы ретінде SpaceX Crew Dragon кемесіндегі астронавтарға қауіпсіздік режимін күшейтуді бұйырды.

Қазіргі уақытта станцияда NASA-ның Crew-12 миссиясының төрт астронавты бар. Олардың қатарында екі америкалық, бір француз және бір ресейлік ғарышкер бар. Бұдан бөлек, америкалық астронавт Крис Уильямс та қауіпсіздік шаралары аясында Dragon кемесінде болуға міндеттелген.

NASA мен «Роскосмос» соңғы айларда "Звезда" модуліндегі ауа ағуының себебі мен оны жою жолдарын талқылап келеді. Бұған дейін ауа шығыны салыстырмалы түрде аз болғанымен, кейінгі уақытта оның мөлшері тәулігіне жарты келіден бір келіге дейін артқаны айтылды.

Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр. Дегенмен экипаждың басқа кемеге көшуі қауіпсіздік мақсатында қабылданған алдын ала сақтық шарасы ретінде түсіндірілді.