Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Білім

Асхат Аймағамбетов білім саласындағы жаңа шешімге алаңдаушылық білдірді

Асхат Аймағамбетов білім саласындағы жаңа шешімге алаңдаушылық білдірді
ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов білім беру саласына қатысты қабылданған жаңа нормаға байланысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл шешім білім жүйесі үшін тиімсіз әрі қисынға келмейтін қадамдардың бірі болуы мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.

Аймағамбетов Сенаттан түскен заң жобасы Мәжілісте бірнеше рет қаралғанын айтты. Талқылау барысында депутаттар мен сарапшылар тарапынан түрлі ескерту мен дәлел келтірілген. Алайда, оның сөзінше, сол пікірлер назарға алынбай, маңызды шешім үнсіз қабылданған.

"Бүгін білім беру саласына қатысты ең тиімсіз әрі ең қисынсыз шешімдердің бірі қабылданды. Сенаттан келген заң жобасын біз бірнеше рет талқыладық. Кәдімгідей пікірталас болды. Бірақ сол кезде айтылған аргументтер ескерілмей, сарапшылардың пікірі тыңдалмай, 4 млн баланың тағдырына теріс әсер етуі мүмкін шешім қабылданды", – деді депутат.

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, даулы мәселе мектептер мен балабақшаларды басқару құзыретіне қатысты. Жаңа өзгеріске сәйкес, бұл өкілеттікті облыс әкімдерінен алып, аудан әкімдеріне беру көзделген.

Депутат мұндай шешім білім беру ұйымдарының жұмысына, басқару жүйесіне және балалардың сапалы білім алуына кері әсер етуі мүмкін екенін алға тартты.