Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Еркеш Хасен өзінен 11 жас үлкен әйелін көрсетті

Еркеш Хасен өзінен 11 жас үлкен әйелін көрсетті
Фото: видеодан кадр

Танымал әнші Еркеш Хасен әлеуметтік желідегі парақшасында көпшіліктің назарын аударған видео жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өнер иесі алғаш рет екінші әйелімен бірге түскен кадрларын көрсетіп, жазбаны өз әнімен сүйемелдеген. Желі қолданушылары әншінің таңдаған әнін жарына арнаған болуы мүмкін деп болжады.

Бейнежазба жарияланғаннан кейін оқырмандар арасында қызу пікірталас туды. Кейбір желі қолданушылары әншінің жеке өміріне қатысты сыни пікір білдіріп, алғашқы отбасын еске алды.

Пікір қалдырушылардың бірі: «Бірінші келіншегіне алақанда аялайтын адам бұйырсын» десе, енді бірі: «Қызына обал болды. Ертең өскенде не деп жауап бересің?» деп жазған. Сонымен қатар, «Тым жақсы жігіт едің ғой. Неге шалыс бастың?», «Бірінші келіншегіне бақыт тілеймін» деген пікірлер де көптеп кездесті.

Әзірге әнші желі қолданушыларының пікіріне қатысты ресми жауап берген жоқ.