Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

Қазақ футболының тарихи күні: Бүгін Дастан Сәтбаев "Қайратпен" қоштасады

Қазақ футболының тарихи күні: Бүгін Дастан Сәтбаев "Қайратпен" қоштасады
Данияр Ахметов / "Қайрат" футбол клубы

Бүгін, 17 маусым – қазақ футболы үшін ерекше күн. Қазақстан премьер-лигасының 17-турында өтетін "Қайрат" – "Қызылжар" матчы 17 жастағы отандық футбол жұлдызы Дастан Сәтбаевтың Алматыдағы қоштасу ойыны болмақ, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дастан Сәтбаев бұған дейін лондондық "Челси" клубымен 5 жылдық келісімшартқа отырған. 4,3 миллион еуроға бағаланған бұл трансфер отандық футбол тарихындағы рекордтық көрсеткіш саналады. Бұл – қазақ футбол мектебі үшін үлкен жетістік.

17 маусымда Дастан Алматыдағы Орталық стадионда “Қайрат” сапындағы соңғы матчтарының бірін өткізеді. Ал 21 маусым күні ол Петропавлда дәл осы "Қызылжарға" қарсы "Қайрат" жейдесіндегі соңғы ресми ойынына шығуы тиіс.

Бастапқы жоспар бойынша Сәтбаев "Челси" қатарына тамыз айында, 18 жасқа толғаннан кейін қосылады деп күтілген. Алайда лондондық клуб "Қайратқа" ресми хат жолдап, жас футболшыны Англияға мерзімінен бұрын шақырған.

Осылайша, Дастан Сәтбаев 29 маусым күні "Челсидің" негізгі командасымен бірге маусымалды дайындық аясында Австралияға аттанады.