19 маусымда Қазақстанның бірқатар өңірінде күн қатты ысиды. Кей аймақтарда ауа температурасы +35…+37 градусқа дейін көтеріледі. Сонымен қатар елдің бірнеше қаласында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. «Қазгидромет» алдағы тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Астанада көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы 7-12 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +17…+19°C, күндіз +33…+35°C болады.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр мен найзағай болжанады. Жел 3-8 м/с, екпіні 13 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +31…+33°C.
Шымкентте де жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +16…+18°C, күндіз +33…+35°C.
Ақтауда көшпелі бұлтты ауа райы сақталады, жауын-шашын болмайды. Жел 7-12 м/с. Түнде +25…+30°C, күндіз +31…+33°C.
Ақтөбеде жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +29…+31°C.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Жел 7-15 м/с. Түнде +21…+23°C, күндіз +35…+37°C.
Жезқазғанда күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел 9-14 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +35…+37°C.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Жел 9-14 м/с. Түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C.
Қарағандыда бұлтты ауа райы күтіледі, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с. Түнде +16…+18°C, күндіз +30…+32°C.
Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 9-14 м/с. Түнде +21…+23°C, күндіз +33…+35°C.
Қостанайда күн бұлтты, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Түнде жел 3-8 м/с, күндіз 7-12 м/с болады. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +28…+30°C.
Қызылордада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 7-12 м/с, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +21…+23°C, күндіз +34…+36°C.
Оралда бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жел 7-12 м/с. Түнде +13…+15°C, күндіз +29…+31°C.
Өскеменде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел 4-9 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +31…+33°C.
Павлодарда жауын-шашын күтілмейді, көшпелі бұлт шығады. Жел 9-14 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +32…+34°C.
Петропавлда бұлтты, жаңбырлы ауа райы болжанады, найзағай болуы мүмкін. Жел 9-14 м/с. Түнде +17…+19°C, күндіз +29…+31°C.
Семейде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Жел 7-12 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +31…+33°C.
Талдықорғанда күн бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел 5-10 м/с. Түнде +17…+19°C, күндіз +33…+35°C.
Таразда бұлтты ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +31…+33°C.
Түркістанда күн бұлтты болып, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +21…+23°C, күндіз +35…+37°C.