Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Төтеншеліктердің ұшағы апатты жағдайда қонды

Төтеншеліктердің ұшағы апатты жағдайда қонды
Фото: әлеуметтік желі

Төтеншеліктердің ұшағы апатты жағдайда қонды. Олар Павлодар облысындағы Байдалы ауылы маңына тұрақтаған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл "Қазавиақұтқару" әуе компаниясына тиесілі Ми-8 АМТ тікұшағы.

Тікұшақ ішінде 13 адам болған. Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Мәліметке сәйкес, құтқарушылар 76 жастағы ер адамды іздеуге шыққан екен. Ол балық аулауға бара жатып мотоциклмен аударылған. Салдарынан аяғын жарақаттап алған. Сосын құтқарушылардан көмек сұраған. Оны төтеншеліктер бір тәулік іздеп, ақыры тапқан. Қария дәрігерлерге тапсырылды. Қазір жағдайы жақсы.