Швейцариядағы АҚШ пен Иран арасындағы келіссөз кезінде Иран делегациясы АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемелеріне наразылық білдіріп, келіссөз алаңынан кетіп қалды. Бұл туралы Tasnim News хабарлады.
Осы жағдайдан кейін келіссөз уақытша тоқтатылған. Бұған дейін ирандық тарап бірлескен хаттамалық қол алысудан және ортақ фотосессияға қатысудан бас тартқаны айтылды.
Иран делегациясын парламент спикері Мохаммад Багер Галибаф бастап барған. Ол X әлеуметтік желісіндегі жазбасында АҚШ тарапы мәлімдеме жасағанда абай болуы керек екенін ескертті.
Галибафтың сөзінше, Иран кез келген қысым мен қоқан-лоққыға жауап беруге дайын.
Шетелдік басылымдар бұл жағдай Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздердің онсыз да күрделі өтіп жатқанын көрсететінін жазды. Бұған дейін де тараптар арасында сенім мәселесі мен өзара айыптаулар келіссөз барысына әсер еткені айтылған.