Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Бүгін еліміздің бір мегаполисінде күн 37 градусқа дейін ысиды

Бүгін еліміздің бір мегаполисінде күн 37 градусқа дейін ысиды
pixabay.com

26 маусымда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы әртүрлі болады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы 32 градусқа дейін көтеріліп, түнде 21 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 3,4 метр болады.

Астанада синоптиктер күн ашық болады деп болжап отыр. Күндіз елордада ауа температурасы 29 градусқа дейін жетеді, ал түнде 18 градусқа дейін салқындайды. Желдің жылдамдығы секундына 5,2 метр шамасында болады.

Ал Шымкентте өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Дегенмен күндіз ауа температурасы 37 градусқа дейін көтеріліп, аптап ыстық сақталады. Түнде қалада 24 градус жылы болады. Желдің жылдамдығы секундына 3,8 метрге жетеді.

Осылайша, бүгін үш мегаполистің ішінде ең ыстық ауа райы Шымкентте тіркелмек.