Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақша тұңғыш эфир жүргізген 106 жастағы Зұлқия Жұматова "Құрмет" орденін алды

Қазақша тұңғыш эфир жүргізген 106 жастағы Зұлқия Жұматова "Құрмет" орденін алды
Ақорда

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Ақордада журналистер мен медиа саласының өкілдеріне арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтап, отандық телевизия мен баспасөздің дамуына еңбек сіңірген ардагерлерге ерекше тоқталды.

Солардың бірі – қазақ тілінде тұңғыш эфир жүргізген диктор Зұлқия Жұматова. Бүгінде 106 жасқа келген телевизия ардагеріне "Құрмет" ордені табысталды.

Мемлекет басшысы қазіргі таңда отандық медианың дамуына үлес қосып жүрген тәжірибелі журналистерді де атап өтті.

"Қазір ортамызда отандық медианың мәртебесін арттырып жүрген тәжірибелі азаматтар отыр. Олардың қатарында Ертай Ашықбаев, Татьяна Корецкая, Қайрат Мұсақұлов, Қымбат Досжан сынды танымал журналистер бар. Тілшілердің жас буыны сіздерге қарап бой түзейді", – деді Тоқаев.

Сонымен қатар биыл алғаш рет өңірлерде жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті берілетіні айтылды. Жалпы осы жылы 66 медиа маманы баспаналы болады.

Ақорда мәліметінше, соңғы үш жылда 200 журналист пен медиа саласының қызметкері мемлекеттен үй алған.