Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Полиция Серікжан Біләштің әпкесінің үйін тінтіп, өзін алып кеткен

Полиция Серікжан Біләштің әпкесінің үйін тінтіп, өзін алып кеткен
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысында полиция АҚШ-та тұратын белсенді Серікжан Біләштің әпкесі Бәтиқа Біләштің үйінде тінту жүргізіп, өзін Қонаев қаласындағы полиция басқармасына алып кеткен, деп хабарлайды arasha.kz  dalanews.kz. сілтеме жасап 

Бұл туралы Азаттыққа оның күйеуі Амантай Ағидолла хабарлаған. Оның айтуынша, оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз.

"Не үшін ұстағанын білмейміз. Қазір сол полицияда жүрміз", – деді ол жұма күні таңертең.

Амантай Ағидолланың сөзінше, тінту кезінде полиция қызметкерлері үйден істемей қалған ұялы телефон мен бірнеше Құран кітабын тәркілеген. Ол үйге шамамен 20 шақты адамның келгенін, олардың арасында арнайы жасақ өкілдері де болғанын айтты.

"Полиция қызметкерлері камераға түсіріп, үйді тінтті. Бәтиқаны алып кетті. Нақты қай уақытта ұстағанын білмеймін. Шамамен таңғы 6-7 шамасында үйден алып кеткен сияқты. Кейін полицияға апарып, қайтадан үйге келді. Тінту жүргізді. Сағат 23:00-ден асқанда Қонаевтағы полиция департаментіне алып кетті", – деді Амантай Ағидолла.

Бәтиқа Біләштің адвокаты Шынқуат Байжанов полицияға бара жатқанын, әзірге қолында нақты мәлімет жоқ екенін жеткізген.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған ақпаратты анықтайтынын мәлімдеді.

Бәтиқа Біләш – Шыңжаңдағы қазақтар мен ұйғырларға қатысты қуғын-сүргін мәселесін көтеріп жүрген белсенді Серікжан Біләштің әпкесі. Оның полицияға жеткізілуінің ағасының қоғамдық қызметіне қатысы бар-жоғы әзірге белгісіз.