Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Иран атып түсірген америкалық ұшқыш Тегеранның ерекше дрондары туралы мәлімдеді

Иран атып түсірген америкалық ұшқыш Тегеранның ерекше дрондары туралы мәлімдеді
U.S. AIR FORCE

2026 жылдың сәуір айында Иран аумағында атып түсірілген АҚШ-тың F-15 жойғыш ұшағының пилоты бұрын-соңды көрмеген әскери технологияға тап болғанын айтты. Бұл туралы CNN телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап, , деп хабарлайды Arasha.kz.

Мәліметке сәйкес, америкалық әскери ұшақ Иран әуе кеңістігінде атып түсірілгеннен кейін экипаж мүшелерінің бірі дереу қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Ал екінші ұшқышты құтқару үшін АҚШ арнайы күштері ауқымды операция жүргізген. Құтқарылған әскери қызметкер тергеу барысында катапультамен секірер алдындағы сәттерді баяндап, аспанда ерекше көріністі байқағанын жеткізген. Оның сөзінше, көптеген дрондар бір-бірімен байланысып, біртұтас жүйе секілді қозғалған.

«Үлкен аппараттардың астында кішігірім дрондар орналасып, сырт көзге аяқтары бар белгісіз тіршілік иесіне ұқсап көрінді. Мұндай көріністі тек ғылыми-фантастикалық фильмдерден ғана көруге болады», – деген ұшқыштың сөзін CNN келтіреді.

БАҚ мәліметінше, әскери қызметкердің бұл түсініктемесі бастапқыда құпия сақталған. Кейін тергеу материалдарының бір бөлігі журналистердің қолына түскен.

Егер ұшқыштың айтқандары расталса, сарапшылардың пікірінше, Иран ұшқышсыз ұшу аппараттарын топпен басқару технологиясында елеулі жетістікке жеткен болуы мүмкін. Сонымен қатар, 18 маусымға қараған түні АҚШ пен Иран әскери қақтығысты аяқтауға бағытталған меморандумға қашықтан қол қойғаны хабарланды. Құжатқа сәйкес, АҚШ теңіз блокадасын кезең-кезеңімен тоқтатса, Иран Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қалпына келтіруге міндеттенеді. Бұдан бөлек, Тегеран ядролық қару жасамауға міндеттеме алып, ядролық бағдарламаға қатысты мәселелерді алдағы 60 күн ішінде жеке келіссөздер арқылы талқылауға келіскен. Келісімнің маңызды тармақтарының бірі – Иранға қарсы халықаралық санкцияларды қайта қарау мәселесі.  Ал Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселе бөлек келісім арқылы шешілмек. Тараптар алдағы 60 күн ішінде осы бағытта келіссөздер жүргізеді. Келіссөздердің нәтижесінде Иранға қарсы енгізілген халықаралық санкцияларды жеңілдету мәселесі де қарастырылмақ.