27 маусым күні Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы әртүрлі болады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Алматыда бүгін өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз ауа температурасы 34 градусқа дейін көтеріліп, түнде 21 градус шамасында болады. Желдің жылдамдығы секундына 7,7 метрге жетеді.
Астанада да өткінші жаңбыр күтіледі. Елордада күндіз ауа температурасы 32 градусқа дейін жоғарылап, түнде 20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 11,2 м/с.
Ал Шымкентте күн ашық болады деп болжанып отыр. Күндіз термометр бағанасы 38 градусқа дейін көтерілсе, түнде 26 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 5,9 метр болады.