Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Енді «тенге» емес: Қазақстанда ұлттық валюта жаңа атаумен жазылады

Енді «тенге» емес: Қазақстанда ұлттық валюта жаңа атаумен жазылады
Фото:depositphotos.com

2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанның ресми құқықтық құжаттарында ұлттық валютаның атауы «тенге» емес, «теңге» түрінде жазылатын болады. Бұл өзгеріс жаңартылған Конституцияның күшіне енуіне байланысты жүзеге асырылады , деп хабарлайды Arasha.kz, tengrinews.kz-сілтеме жасап.

Әділет министрлігінің мәліметінше, жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін мемлекеттік органдар барлық нормативтік-құқықтық актілер мен ресми құжаттарда дәл осы «теңге» нұсқасын қолдануға міндетті. Қазіргі таңда заңнаманы жаңа талаптарға сәйкестендіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.

Ал бұл өзгеріс қарапайым халық үшін нені білдіреді? Мамандардың айтуынша, бұл – ұлттық валютаны ауыстыру немесе ақша реформасы емес. Тек заңнамалық терминологияны Конституциядағы жаңа атауға сәйкестендіру мақсатында енгізіліп отырған редакциялық өзгеріс. Яғни теңгенің құнына, банкноттарға немесе төлем жүйелерінің жұмысына ешқандай әсер етпейді.

Сонымен қатар бұған дейін жасалған келісімшарттар мен ресми құжаттарды қайта рәсімдеудің қажеті жоқ. Бұрынғы «тенге» атауы қолданылған құжаттардың заңды күші толық сақталады. Ал жаңа заңдар немесе қолданыстағы құжаттарға енгізілетін өзгерістерде «теңге» атауы пайдаланылатын болады.

Ұлттық банк те өз тарапынан төлем құжаттары мен нормативтік актілерге тиісті өзгерістер енгізіп жатқанын хабарлады. Банктің мәліметінше, жаңарту тек атаудың жазылуына қатысты болады және төлем жасау тәртібі мен қаржы инфрақұрылымына ешқандай өзгеріс әкелмейді. Сонымен бірге Ұлттық банк алдағы уақытта барлық ресми хабарламаларында «теңге» жазылуын қолданатын болады.

Ал бұқаралық ақпарат құралдары, жеке компаниялар, дүкендер, оқулықтар мен жарнамаларда ұлттық валютаның атауы қалай жазылатыны әзірге нақты бекітілмеген. Бұл мәселеге қатысты Ғылым және жоғары білім министрлігінен қосымша түсіндірме күтіліп отыр.