Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Иран АҚШ-тың екі әскери базасына соққы жасады

Иран АҚШ-тың екі әскери базасына соққы жасады
Getty Images

Иран АҚШ-тың Парсы шығанағындағы әскери нысандарына жауап соққысын жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы жексенбі күні таңертең Кувейт пен Бахрейндегі америкалық әскери инфрақұрылым нысандарын зымырандар және ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы атқылағанын хабарлады.

Tasnim агенттігінің жазуынша, бұл шабуыл АҚШ-тың Иран аумағына жасаған соққыларына жауап ретінде ұйымдастырылған.

ИРСК мәлімдемесінде Кувейттегі «Али әл-Салем» әскери базасы мен Бахрейннің Салман портында орналасқан АҚШ Бесінші флотының бірқатар маңызды нысандары нысанаға алынғаны айтылды.

"АҚШ-тың соңғы шабуылдарына осылайша қатаң жауап берілді", – делінген Иран тарапының мәлімдемесінде.

Әзірге шабуыл салдарынан келген нақты шығын көлемі мен зардап шеккендер туралы ресми толық ақпарат жарияланған жоқ.

Бұған дейін Иран Ормуз бұғазы маңында коммерциялық танкерді тағы да атқылағаны хабарланған еді. Осы оқиғалардан кейін АҚШ пен Иран арасындағы әскери-саяси шиеленіс одан әрі күшейе түсті.