Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Тоқаев Құрылтай сайлауы өтетін күнді белгіледі

Тоқаев Құрылтай сайлауы өтетін күнді белгіледі
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызда өтеді.

Жарлықта Орталық сайлау комиссиясына Құрылтай депутаттарының сайлауына дайындықты және оны өткізуді ұйымдастыру тапсырылған.

Сондай-ақ Үкіметке, Астана қаласының, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық жағынан қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараны кідіріссіз қабылдау міндеттелді.

Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, жаңа конституциялық өзгерістерге сәйкес, Құрылтай елдің заң шығару жүйесіндегі негізгі саяси институттардың бірі болмақ. Құрылтай депутаттары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.