Сотталушы Сұлтан Сәрсемәлиев сот жарыссөзінде соңғы сөзін айтты. Ол өз сөзінде тағы да жәбірленушілердің әрекеттерін сынға алып, болған оқиғаға олардың ықпалы болғанын жеткізуге тырысты, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Адамнан айуан шығарған – өздері. Мен қанішер, жауызбын. Бірақ мен жазықсыз адамдарды өлтірдім деп санамаймын», – деді сотталушы.
Сондай-ақ ол өзіне тағайындалатын кез келген жазамен келісетінін айтып, соттан қылмысқа баруына себеп болған мән-жайларға әділ құқықтық баға беруді және өзін түсінуді сұрады.
Прокурор соттан Сұлтан Сәрсемәлиевті өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрады.