Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Тоқаев Қазақстанның бірнеше мемлекеттегі елшілерін ауыстырды

Тоқаев Қазақстанның бірнеше мемлекеттегі елшілерін ауыстырды
Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлықтарымен Қазақстанның бірқатар шет мемлекеттегі Төтенше және Өкілетті Елшілері тағайындалды. Сонымен бірге бірнеше дипломат атқарып жүрген қызметінен босатылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әбілқайыр Сқақов Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі болып тағайындалды. Бұл қызметті бұған дейін атқарған Рәпіл Жошыбаев лауазымынан босатылды.

Қазақстанның Қатардағы дипломатиялық миссиясын енді Бақыт Батыршаев басқарады. Ал бұрынғы елші Арман Исағалиев қызметінен кетті.

Анель Бақытбекқызы Қазақстанның Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Осы лауазымда қызмет еткен Абзал Сапарбекұлы босатылды.

Болат Иманбаев Қазақстанның Сербиядағы елшісі қызметіне кірісті. Осыған байланысты ол Қазақстанның Армениядағы елшісі лауазымынан босатылды. Ал Сербиядағы бұрынғы елші Мәди Атамқұловтың өкілеттігі тоқтатылды.

Сондай-ақ Қазақстанның Үндістандағы елшісі Азамат Есқараев Бангладеш, Бутан, Мальдив және Непалдағы елші міндетін қоса атқаратын болды.