Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Бектенов «Самұрық-Энерго» басшысы Қайрат Мақсұтовтың жұмысын сынға алды

Бектенов «Самұрық-Энерго» басшысы Қайрат Мақсұтовтың жұмысын сынға алды

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовқа Алматыдағы ЖЭО-3 жобасының іске асу барысына қатысты сын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz, Bairaq Media-ға сілтеме қалдырып.

Премьер-министрдің сөзінше, өткен аптада Энергетика министрі Алматыға барып, ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарын тексерген. Оның айтуынша, ЖЭО-3-тегі жұмыс қарқыны өте төмен.

«ЖЭО-3 бойынша жағдай мәз емес. Жұмыс қарқыны өте төмен. Егер жылдың аяғына дейін бітірмесеңдер, сіздің жеке жұмысыңыз қатаң бақылауға алынатын болады. Мұндай жағдайды жою керек», - деді Олжас Бектенов Қайрат Мақсұтовқа.