Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Өз туған күнінде жоғалған 18 жастағы жігіттің мәйіті табылды

Өз туған күнінде жоғалған 18 жастағы жігіттің мәйіті табылды
Коллаж ЖИ арқылы жасалған

Маңғыстау облысында Каспий теңізінде жоғалып кеткен 18 жастағы Азамат Дүйсеханның мәйіті табылды, деп хабарлайды Arasha.kz, Bairaqmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметке сәйкес, жас жігіт Каспий теңізінің жабдықталмаған жағалауында суға түсу кезінде жоғалып кеткен. Іздестіру жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілді.

Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері Азамат Дүйсеханның мәйітін Ақтау қаласынан шамамен 51 шақырым қашықтықта, жағалаудан шамамен 10 метр жерден судан тапқан. Құтқарушылар мәйітті судан шығарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Еске салайық, Азамат Дүйсехан 7 шілде күні өзінің 18 жасқа толған туған күнінде достарымен бірге Ақтаудан шамамен 48 шақырым жерде орналасқан курорттық қонақүй маңындағы жағалауда демалып жүрген. Сол күні сағат 15:00 шамасында ол із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Осыдан кейін бірнеше күнге созылған іздестіру жұмыстары басталған.

Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.