Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

15 жастағы қазақ баласы "Барселонамен" үш жылдық келісімшарт жасасты

15 жастағы қазақ баласы "Барселонамен" үш жылдық келісімшарт жасасты
instagram.com/k.mendikanov

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Кәрім Меңдіқанов Испанияның әйгілі "Барселона" футбол клубымен ресми келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Arasha.kz.

15 жастағы вингер каталониялық клубпен үш жылға келісімге келген. Енді ол футболдағы мансабын әлемге танымал "Ла Масия" академиясында жалғастырады.

Бұған дейін испаниялық Mundo Deportivo басылымы қазақстандық жас футболшының "Барселонамен" келісімге келгенін хабарлаған еді. Кейін бұл ақпарат ресми түрде расталды.

Кәрім Меңдіқанов қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Өмір бойы жанкүйер болған клубыммен келісімшартқа қол қойғанымды мақтан тұтамын", – деп жазды ол.

Жас футболшы 2022 жылы Испанияға көшіп, Каталонияда жаттығуын жалғастырған. Ол осы уақыт аралығында жергілікті футбол мамандарының назарына ілініп, енді "Барселона" академиясының құрамына қосылды.