Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алакөлде 69 жастағы әйел екі аяғынан айырылды

Алакөлде 69 жастағы әйел екі аяғынан айырылды
Сурет ЖИ арқылы жасалған

Жетісу облысындағы Алакөл көлінің жағалауында демалыс кезінде 69 жастағы әйел катердің винтіне түсіп, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Arasha.kz, Bairaq Media-ға сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға Көктұма ауылы маңындағы жағалауда болған. Катер кері бағытта қозғалған сәтте әйел винттің астына түсіп кеткен.

Оқиға орнында куәгерлер алғашқы көмек көрсетіп, зардап шегуші шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлердің мәліметінше, әйел көп қан жоғалтып, травмалық шок жағдайына түскен. Шұғыл операция барысында оның екі аяғының төменгі бөлігі ампутацияланған. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы өте ауыр, оған тәулік бойы медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.