Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Желтоқсаншыларды балағаттаған әйелге іздеу жарияланды

Желтоқсаншыларды балағаттаған әйелге іздеу жарияланды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды балағаттаған Виолетта Паршинаға іздеу жарияланды. 52 жастағы әйел ұлтаралық араздықты қоздырды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мәліметке сәйкес, Паршинаға қатысты іздеу 10 қарашада тіркелген. Қазір оны Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция басқармасы іздестіріп жатыр. Тергеу дерегінше, әйел құқық қорғау органдарынан бой тасалап жүр.

Жанжал биыл сәуір айында басталған. Сол кезде Threads әлеуметтік желісінде Виолетта Паршинаның Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды қорлаған пікірлері тараған еді. Ол көтеріліске арналған жазбалардың астына қатысушыларды «маскүнем», «ақымақ», «ауылдың мәңгүрттері» деп атаған. Сондай-ақ желі қолданушылары оның қазақ халқына қатысты өзге де қорлайтын сөздер жазғанын анықтаған.

Бұл жағдай қоғамда үлкен наразылық туғызды. Қазақстандықтар әйелді жауапқа тартуды талап етіп, құқық қорғау органдарына шағымданған. Кейін полиция оның жеке басын анықтап, бөлімшеге жеткізді. 

Осы оқиғадан кейін Паршина жұмыс істеген жарнама агенттігі онымен еңбек қатынасын тоқтатқан. Компания өкілдері оның пікірлерімен келіспейтінін мәлімдеген.

Әйелге қатысты Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Аталған бап әлеуметтік, ұлттық, этностық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыруға қатысты. Бұл құқық бұзушылық үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.