Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Докторанттардың шәкіртақысы 500 мың теңгеге дейін өседі

Докторанттардың шәкіртақысы 500 мың теңгеге дейін өседі
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақстанда докторанттардың шәкіртақысын 2029 жылға дейін айына 500 мың теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Құрылтай отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

Министрдің сөзінше, қазір PhD докторанттары ай сайын шамамен 260 мың теңге шәкіртақы алады. Соңғы бес жылда оның мөлшері екі есе өскен.

“Бұл жұмыс жалғасады. 2029 жылға дейін шәкіртақы 500 мың теңгеге дейін көтеріледі. Осындай жоспар бар”, – деді Саясат Нұрбек.

Министр шәкіртақыны өсіру жас ғалымдарды қолдауға бағытталғанын атап өтті. Жоспар жүзеге асса, докторанттарға төленетін ай сайынғы шәкіртақы қазіргі деңгейден екі есеге жуық артады.