Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

“Қыдырәлі ренжімесін”: Ерлан Көкеев “АБК” тобының құрылуы туралы айтты

“Қыдырәлі ренжімесін”: Ерлан Көкеев “АБК” тобының құрылуы туралы айтты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Әнші Ерлан Көкеев «АБК» тобының қалай құрылғанын әңгімелеп, Қыдырәлі Болмановтың бұған дейінгі сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұған дейін Қыдырәлі Болманов топты өзі құрғанын айтқан еді. Ал Көкеевтің айтуынша, шығармашылық ұжымның дүниеге келуіне кездейсоқ жағдай себеп болған.

“Қыдырәлі ренжімесін, бірақ жағдай мүлде басқаша болды. Топ кездейсоқ құрылды”, – деді әнші.

Өнер иесі бір жолы Қала күніне арналған мерекелік шараға шақырту алғанын еске алды. Сол кезде ол ұйымдастырушыларға достарымен бірге ән айтқысы келетінін жеткізген.

Көкеевтің сөзінше, достардың сол кеште бір сахнаға шығып, бірге өнер көрсетуі кейін «АБК» тобының құрылуына ұласқан.