Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті

Солтүстік Қазақстанда 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті
Фото: freepik

Қайғылы оқиға 19 шілде күні Ақжар ауданында, Бостандық ауылынан бес шақырым жерде болған, деп хабарлайды Arasha.kz.

«2010 жылы туған 10-сынып оқушысы шомылуға тыйым салынған жасанды қазаншұңқырда суға батып кетті. Жасөспірімнің мәйітін Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тауып, судан алып шықты», – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Құтқарушылардың мәліметінше, шомылу маусымы басталғалы Солтүстік Қазақстан облысының су айдындарында 16 жазатайым оқиға тіркелген. Соның екеуі адам өлімімен аяқталған: бірі – Ақжар ауданындағы Шат өзенінде, екіншісі – Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы Есіл өзенінде.

Жасөспірімнің қаза болуы су айдындарында көз жұмғандар туралы ресми статистикаға енгізілмеген. Себебі қайғылы жағдай жасанды қазаншұңқырда болған, ал ол Төтенше жағдайлар министрлігінің талаптарына сәйкес су айдыны болып саналмайды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өңірде шамамен 60 өзен, 2 329 көл және 127 жасанды қазаншұңқыр бар. Тұрғындардың қауіпсіз демалысы үшін 13 көл мен Есіл өзенінде орналасқан 61 ресми шомылу орны белгіленген.