Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

«Қайрат» бүгін Чемпиондар лигасында «Омониямен» кездеседі

«Қайрат» бүгін Чемпиондар лигасында «Омониямен» кездеседі
"Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі

Бүгін, 22 шілдеде Алматының «Қайрат» клубы УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын өткізеді. Қазақстандық команда Кипр астанасы Никосияда жергілікті «Омонияға» қарсы ойнайды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Омония» – «Қайрат» кездесуі Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Қарымта матч Алматыда өтеді

Қос команда арасындағы жауапты кездесу 29 шілдеде Алматыда өтеді. Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңімпаз Чемпиондар лигасының келесі іріктеу кезеңіне жолдама алады.

Егер «Қайрат» «Омонияны» жеңсе, үшінші кезеңде Болгарияның «Левски» және Румынияның «Университатя Крайова» клубтары арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.

«Қайрат» алғашқы кезеңнен қалай өтті?

Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде алматылық клуб Черногорияның «Сутьеска» командасымен ойнады.

Алғашқы кездесуде «Қайрат» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық клуб сапынан Лукас Африко мен Марк Гуаль гол соқты. Қарсылас командадан Марко Мрвальевич көзге түсті.

Сырт алаңдағы қарымта ойында да «Қайрат» басымдық танытып, 2:0 есебімен жеңді. Бұл матчта Исмаил Бекболат пен пенальтиден Жоржиньо мергендік танытты.

Осылайша алматылық команда екі кездесудің қорытындысы бойынша «Сутьесканы» 4:1 есебімен жеңіп, екінші іріктеу кезеңіне өтті.