Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

«Көлік сыйлап, кейін қайтарып алды»: Қарлығаш Сұлтанша Ернар Айдардың бұрынғы әрекетін айтты

«Көлік сыйлап, кейін қайтарып алды»: Қарлығаш Сұлтанша Ернар Айдардың бұрынғы әрекетін айтты
Сурет ашық дереккөзден алынған

Әнші Қарлығаш Сұлтанша орындаушы Ернар Айдардың кезінде жары, композитор Қуанышқа сыйлаған автокөлігін кейін қайта алып кеткенін айтты, деп хабарлайды Arasha.kz, Sn.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесінің айтуынша, Ернар Айдар шығармашылық жолының басында олардың шаңырағында төрт жылдай тұрған. Сол уақытта Қуаныштың қасында жүріп, ән айту мен сахна өнерінің қыр-сырын меңгерген.

«Ол кезде Ернар: «Ұстазым, тойға тұрақты шыға бастасам, сізге міндетті түрде “570” көлігін мінгіземін»  деп уәде берген еді. Кейін Қуанышқа Pajero автокөлігін сыйлады. Бірақ арада біраз уақыт өткен соң, сол көлікті қайта алып кетті», - деді Қарлығаш Сұлтанша журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында.

Әншінің сөзінше, осы жағдайдан кейін ол жолдасына мұндай мәселеде ешкімнің уәдесіне сенбей, еңбегінің ақысын бірден есептесіп отырған дұрыс екенін айтқан.

Сондай-ақ Қарлығаш Сұлтанша Ернар Айдардың концертінде ұстазына тек шапан жабылғаннан кейін әлеуметтік желі қолданушыларының да түрлі пікір білдіргенін еске алды. Олардың арасында ұстазына бұдан да үлкен құрмет көрсетілуі керек еді деген пікірлер болған.