Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Білім

Жүздеген мұғалімнің жеке дерегі жарияланып кетті – Бас прокуратура

Жүздеген мұғалімнің жеке дерегі жарияланып кетті – Бас прокуратура
Деректер. Көрнекі фото: CentralITAlliance/Getty Images

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында 600-ден астам білім саласы қызметкерінің жеке мәліметтері мемлекеттік сатып алу порталында ашық жарияланған. Заңбұзушылықты аудан прокуратурасы анықтады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тексеру барысында жергілікті мектептер мен балабақшалар міндетті медициналық тексеру қызметін сатып алуға арналған хабарландыруларға қызметкерлерінің толық тізімін қоса тіркегені белгілі болды.

Құжаттарда педагогтер мен басқа да қызметкерлердің аты-жөні, жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы, тұрғылықты мекенжайы және жеке телефон нөмірлері көрсетілген. Бұл мәліметтер интернет қолданушыларына ешқандай шектеусіз қолжетімді болған.

Прокуратураның мәліметінше, мұндай әрекет құпия ақпараттың тарап кетуіне және оны бөтен адамдардың пайдалануына тікелей қауіп төндірген.

Қадағалау актісі енгізілгеннен кейін заңсыз жарияланған 611 қызметкердің деректері ашық дереккөздерден толық өшірілді.

Жеке мәліметтердің жариялануына жол берген жауапты лауазымды тұлғалар заңда көзделген жауапкершілікке тартылды.