Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Енді таксимен емес, әуемен қатынаймыз ба? Астанада аэротакси сынақтан өтіп жатыр (ВИДЕО)

Енді таксимен емес, әуемен қатынаймыз ба? Астанада аэротакси сынақтан өтіп жатыр (ВИДЕО)
Сурет ашық дереккөзден алынған

Астана аспанында бірнеше күннен бері аэротакси сынақтан өткізілуде. Бұған дейін дәл осы ұшатын көлік Alatau City аумағында көрсетілген болатын. Енді ол елордада сынақ ұшуларын жасап жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода аэротаксидің қаланың үстімен ұшып жүрген сәті көрсетілген. Ерекше көлік қала тұрғындарының қызығушылығын тудырып, желі қолданушылары арасында қызу талқылануда.

Мамандардың айтуынша, мұндай электрлі ұшу аппараттары болашақта қалалық көлік жүйесінің бір бөлігіне айналуы мүмкін. Олар кептелісті азайтып, жолаушыларды қысқа уақытта қажетті жеріне жеткізуге мүмкіндік береді.

Әзірге аэротакси коммерциялық тасымалға шығарылған жоқ. Қазіргі уақытта тек сынақ ұшулары жүргізіліп жатыр.