Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

Шавкат Рахмоновтың октагонға қашан оралуы мүмкін екені айтылды

Шавкат Рахмоновтың октагонға қашан оралуы мүмкін екені айтылды
Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров спортшының октагонға оралу мерзімі туралы айтты, деп хабарлайды Arasha.kz.

DAR Team командасының бас бапкері Шавкаттың қазіргі уақытта тізесіндегі жарақаттан кейін оңалту жұмыстарын жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Оның сөзінше, қазақстандық файтердің Майкл Моралеспен жекпе-жек өткізуіне қатысты әзірге нақты келіссөздер басталмаған.

"Қазіргі кезде ешқандай келіссөз жүріп жатқан жоқ. Жағдай жақсы өрбісе, Жаңа жылдан кейін, шамамен ақпан айында октагонға оралуымыз мүмкін. Жекпе-жекке толық дайындалу үшін кемінде үш ай уақыт қажет. Оған дейін аяғын толық емдеп алуымыз керек. Бәлкім, бір жарым айдан кейін толыққанды күрес жаттығуларына кірісер. Содан кейін ғана жекпе-жекке дайындық мерзімін нақты айта аламыз", – деді Эдуард Базров.

Шавкат Рахмонов бұған дейін тізесіндегі ауыр жарақатының қайта асқынуына байланысты жекпе-жектерден уақытша шет қалған еді. Қазір спортшы арнайы оңалту курсынан өтіп жатыр.

Қазақстандық файтер соңғы рет 2024 жылдың желтоқсанында октагонға шыққан. Сол кездесуде ол ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.