Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5,5 мыңнан асты

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5,5 мыңнан асты
Associated Press

Венесуэлада бір ай бұрын болған жойқын жер сілкіністерінен мерт болғандар саны 5546 адамға жетті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Соңғы бір аптаның ішінде табиғи апат салдарынан тағы 148 адамның қаза тапқаны хабарланды. Ресми мәліметке сәйкес, 16 700-ден астам тұрғын түрлі деңгейде жарақат алған.

Зілзаланың салдарынан шамамен 18 мың адам баспанасыз қалды. 190 ғимарат толықтай қирап, тағы 856 нысан қатты зақымданған. Мамандар бұл үйлерді тұруға жарамсыз деп таныды.

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қирандылар астынан 6462 адамды аман алып шыққан. Құтқару және іздестіру жұмыстары ең көп зардап шеккен аймақтарда әлі де жалғасып жатыр. Осыған байланысты билік құрбандар туралы деректердің жаңарып отыратынын мәлімдеді.

Венесуэла Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, апаттан зардап шеккен 47 942 адамға медициналық көмек көрсетілген.

Үйінен айырылған тұрғындарды орналастыру үшін уақытша лагерьлер ашылды. Сондай-ақ зардап шеккен аудандарға азық-түлік, ауызсу және басқа да қажетті гуманитарлық көмек жеткізіліп жатыр.