Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстан полициясы аса қауіпті қылмыскерді іздестіріп жатыр

Қазақстан полициясы аса қауіпті қылмыскерді іздестіріп жатыр
Фото: freepik

Ақтауда кәмелетке толмаған 16 жастағы қызға қатысты аса ауыр қылмысқа байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тергеу нұсқасына сәйкес, бір топ ер адам жасөспірім қызды бірнеше рет зорлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, қызды оларға өзінің құрбысы таныстырған.

Құқық қорғау органдарының дерегінше, күдіктілер қызға күш қолданып, есірткілік зат беріп мас күйге түсірген. Бұдан кейін оны жалдамалы пәтерге апарып, бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған деген күдік бар.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Іс аясында бірнеше күдікті анықталған. Алайда олардың бірі – 43 жастағы ер адам тергеуден бой тасалап кеткен. Осыған байланысты оған іздеу жарияланып, полиция оның жүрген жерін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Тергеудің өзге мәліметтері жария етілмейді. Күдіктілердің кінәсі сотта дәлелденгенге дейін олар заң алдында кінәсіз болып есептеледі.