Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Екі баланың анасы із-түзсіз жоғалып, мәйіті үйдегі тоңазытқыштан табылды

Екі баланың анасы із-түзсіз жоғалып, мәйіті үйдегі тоңазытқыштан табылды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Аргентинада екі баланың анасы болған 24 жастағы әйелдің өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Жақындары екі аптаға жуық іздеген Камиланың мәйіті өзі бірге тұрған ер адамның үйіндегі тоңазытқыштан табылған. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен оның 37 жастағы сүйіктісі қамауға алынды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Камила Белен Иглесиас 2 қазан күні жақындарымен байланысын үзген. Телефон қоңырауларына жауап бермеген әйелді туыстары бірнеше күн бойы өздері іздеген. Кейін полицияға жүгінген.

Тергеу барысында тәртіп сақшылары Крус-дель-Эхе қаласындағы Камиланың сүйіктісімен бірге тұрған үйіне тінту жүргізген. Сол жердегі тоңазытқыштың ішінен әкке ұқсас затпен жабылған әйел мәйіті табылған.

Құқық қорғау органдары оқиға орнынан киімдер, жеке құжаттар, сұйықтық үлгілері мен сынған ұялы телефонды айғақ зат ретінде тәркілеген. Мәйіт өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілген.