Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Өскеменде жоғалған сарбаз туралы тың дерек шықты

Өскеменде жоғалған сарбаз туралы тың дерек шықты
Фото: әлеуметтік желі

Өскеменде әскери бөлімнен өз бетінше кетіп қалған сарбаз табылды. Ол қаладан шамамен 20 шақырым жерден ұсталып, әскери полиция бөліміне жеткізілген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бас әскери полиция басқармасының мәліметінше, сарбаздың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ол үйін сағынғандықтан қызмет орнын өз еркімен тастап кеткен.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері жан-жақты тексеріліп жатыр.

Тексеру барысында сарбаз командирлер немесе бірге қызмет атқаратын әскери қызметшілер тарапынан жарғыға қайшы әрекеттер, қысым көрсету немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілері болмағанын айтқан.

Оқиғаға қатысты тексеру нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.