Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

«Біз осы күнге жеттік» - Диана Скатова қуанышты хабарымен бөлісті (ВИДЕО)

«Біз осы күнге жеттік» - Диана Скатова қуанышты хабарымен бөлісті (ВИДЕО)
Сурет: скриншот

Тележүргізуші Диана Скатова мен сүйіктісі Сұлтанның құдалығы өтті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қуанышты жаңалықты Диананың өзі әлеуметтік желідегі видеосында бөлісті.

«Біз осы күнге жеттік. Бүгін бізде құдалық», -  деді ол.

Айта кетейік, жұптың үйлену тойына дайындықтары бір жылдан бері кезең-кезеңімен өтіп келеді. 2025 жылдың наурыз айында Дианаға сырға салу рәсімі жасалса, мамыр айында жұп некесін қидырған. Бұл туралы бұған дейін де ақпарат тараған.

Белгілі болғандай, сырға салудан кейін Диана мен Сұлтан біраз уақыт арақашықтықтағы қарым-қатынасты жалғастырған.

Құдалық барысында қазақы дәстүрге сай қалыңмал мен түрлі сый-сияпаттар берілді. Видеодан қалыңмал ретінде 3 миллион теңге табысталғаны көрінеді. Сонымен қатар, Диананың әкесіне Shoqan брендінің костюм-шалбары, мініске бір жылқы, анасына бриллиант әшекейлер жиынтығы сыйға тартылған. Бұдан бөлек, құдалар жағы тағы бірнеше бағалы тарту-таралғы жасаған.

Ал құдалыққа қатысты жарияланымның астында «Той ертең» деген жазба қалдырылған. Бұл жұптың негізгі тойы жақын арада өтетінін аңғартады.