Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алтынай Жорабаева күйеуінің қызының ұзату тойына не себепті қатыспағанын айтты

Алтынай Жорабаева күйеуінің қызының ұзату тойына не себепті қатыспағанын айтты
Сурет ашық дереккөзден алынған

Әнші Алтынай Жорабаева жұбайы Әлішердің қызының ұзату тойына не себепті қатыспағанын түсіндірді, деп хабарлайды Arasha.kz, Paryz.kz-ке сілтеме қалдырып.

Өнер иесінің айтуынша, бұған отбасыдағы қаралы жағдай себеп болған. Оның сөзінше, жарты жыл бұрын жұбайының туған бауыры кенеттен қайтыс болған. Соған байланысты олардың әулетінде бір жыл бойы аза тұту дәстүрі сақталып жатыр.

Алтынай Жорабаева жұбайының бұл шешімді алдын ала айтқанын жеткізді.

«Әлішер: “Мен тойға қатыса алмаймын. Бірақ Айнараның ұзатуын кейінге қалдырмайық. Құдаларды күтіп алып, шаңырағымыздың төрін көрсетейік. Өзім қарсы алып, қонақ қылайын”, - деді», - деп жазды әнші.

Сонымен қатар, әнші жұбайының тойдың барлық ұйымдастыру жұмыстарына белсенді араласқанын атап өтті. Оның айтуынша, Әлішер дайындықтың әр кезеңіне жауапкершілікпен қарап, қызының ұзату рәсімінің жоғары деңгейде өтуіне бар күшін салған.

Жорабаева жазбасында жарына алғыс айтып, алдағы уақытта да отбасындағы қуанышты сәттерді бірге қарсы алуды тілейтінін жеткізді.

«Алла қаласа, алда әлі талай қуанышымыз бар. Тұрмыс құрмаған төрт қызымыздың да тойын амандықпен бірге қарсы алып, бірге атап өтуді Алла нәсіп етсін», - деді әнші.