Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Таиландта жоғалған бауырлар: 2 күдікті ұсталды

Таиландта жоғалған бауырлар: 2 күдікті ұсталды
Фото: Видеодан кадр

Ресейдің Түмен облысынан жоғалып кеткен ағалы-сіңлілі – 17 жастағы Роман мен 22 жастағы Диананың ісіне байланысты Таиландтың екі азаматы ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдіктілер қылмыстың ізін жасыруға көмектескен. Атап айтқанда, олар Роман мен Диананың соңғы рет мінгені байқалған мопедті жерге көміп, маңызды айғақтарды жасыруға әрекет жасаған.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының мәліметінше, ұсталғандар қылмысқа негізгі күдікті деп танылған Понг пен Тхонгтың жасырынуына да жәрдемдескен.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Күдіктілердің нақты қандай рөл атқарғаны және қылмысқа қаншалықты қатысы бары анықталуда.

Еске салайық, Түмен облысынан із-түзсіз жоғалған ағалы-сіңлілі Роман мен Диананың жоғалуы Ресейде үлкен резонанс тудырған болатын. Тергеушілер олардың жоғалуына қатысты бірнеше күдіктіні анықтап, істің барлық мән-жайын тексеріп жатыр.