Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Трамп Иранға жаңа ауқымды соққы жасау мүмкіндігін қарастырып жатыр

Трамп Иранға жаңа ауқымды соққы жасау мүмкіндігін қарастырып жатыр
Сурет ашық дереккөзден алынған

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы жаңа ауқымды әскери операция жасау мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz, The Wall Street Journal басылымына  сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, АҚШ әскери басшылығы Ирандағы нысандарға 10-14 күн бойы қарқынды әуе соққыларын жасауды көздейтін жоспар әзірлеген. Операцияның негізгі мақсаты - Тегеранның зымырандық, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен әскери басқару инфрақұрылымын жою арқылы оның жауап қайтару мүмкіндігін әлсірету.

Жоспарды АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) басшысы адмирал Брэд Купер дайындаған. Оның пікірінше, Иранның қару-жарағын жерінде жою АҚШ-тың Patriot әуе қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандардың тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді. Яғни, Иранның шабуыл жасау әлеуеті төмендесе, АҚШ-қа қорғаныс зымырандарын аз қолдануға тура келеді.

Дегенмен, The Wall Street Journal жазуынша, Дональд Трамп бұл мәселеге қатысты әзірге түпкілікті шешім қабылдамаған.

Сонымен қатар, АҚШ әскери басшылығының өз ішінде де пікір қайшылығы бар. Біріккен штаб бастықтары комитетінің төрағасы генерал Дэн Кейн мұндай қадам Таяу Шығыстағы жағдайды одан әрі ушықтыруы мүмкін екенін ескерткен.

Ал операцияға қарсы тарап бұған дейінгі Иранға жасалған соққылар елдің әскери әлеуеті толық бағаланбағанын көрсеткенін алға тартады. Олардың айтуынша, Иранның көптеген зымырандары мен әскери нысандары жер астында жақсы жасырылғандықтан, оларды жою күткендегідей нәтиже бермеген.