Әнші Алтынай Жорабаеваның қызы ұзату тойында берген сұхбатында тұрмысқа ерте шығу туралы шешімді не себепті қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Arasha.kz, Sn.kz-ке сілтеме жасап.
Оның сөзінше, болашақ жары екеуі екі жылдан бері таныс. Алайда тұрмысқа шығу туралы әңгімені алғаш болып өзі бастаған.
«Екеуіміздің танысқанымызға екі жыл болды. Бір күні өзім “қашан үйленеміз?” деп сұрадым. Жолдасымның екі әпкесі де тұрмыста, соларға қарап мен де отбасын құрғым келді», - деді ол.
Сондай-ақ, жас келін тосынсыйларды аса ұнатпайтынын айтып, неке сақинасын да өзі таңдағанын жасырмады.
«Маған тосынсый ұнамайды. Сондықтан сақинаны да өзім таңдап алдым. Ұнамай қалса, жылап, ренжіп қалуым мүмкін. Мінезім сондай», - деді қалыңдық.
Оның айтуынша, болашақ жарымен ортақ достары арқылы танысқан. Алғашқы кездесуден-ақ бір-біріне ерекше ықылас танытып, кейін аралары жақындай түскен.