Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Алтынай Жорабаева экс-жары туралы ашық айтты (ВИДЕО)

Алтынай Жорабаева экс-жары туралы ашық айтты (ВИДЕО)
Сурет: скриншот

Қазақстандық әнші Алтынай Жорабаева бұрынғы жары Сәбит Әбдіхалықовтың қыздарымен арадағы қарым-қатынасы туралы ашық пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әншіден қыздарының ұзату тойына Сәбит Әбдіхалықов қатыса ма деген сұрақ қойылған. Алтынай Жорабаева оның тойда болмайтынын айтты.

«Жоқ, бой көрсетпейді. Біраз уақыт қыздар өздері үйіне барып, жағдайын сұрап тұрды. Бірақ адам өзі іздемесе, өзі хабарласпаса, қайта-қайта барудың қажеті жоқ деп ойлаймын», - деді ол.

Сондай-ақ әнші қазіргі жолдасы Әлішердің қыздарына әкелік мейірім көрсеткенін ерекше атап өтті.

«Мен тұрмысқа шыққаннан кейін бір жыл өтпей жатып қыздар: “Сізді әке деп атасақ бола ма?” деп жылап тұрып сұрады. “Әке мейірімін сізден көріп отырмыз” деді. Бұл сөз бізге өте ауыр әрі әсерлі болды», - дейді Алтынай.

Оның айтуынша, қыздары бүгінде өз шешімдерін өздері қабылдайды және ол олардың араласуына араласпайды.

«Мен балаларыма “былай жүр, былай істе” деп айтпаймын. Егер әкелері өзі іздеп, жағдайларын сұрап тұрса, әрине, араласуға қарсы болмаймын. Бірақ өзі іздемесе, біз не істейміз?» - деді әнші.

Алтынай Жорабаева қазіргі таңда барлық жауапкершілікті өз мойнына алып жүрген Әлішердің сезімі өзі үшін маңызды екенін жеткізді.

«Әлішер барлығын жасап, қанатына алып жүргенде, тек биологиялық әкесі деп төрге шығарып қоя алмаймын. Маған Әлішердің сезімі маңызды. Басқа ешкімнің сезімі маңызды емес», - деді ол.

Әнші қыздарының кейде әкесіне ренжитінін де жасырмады.

«Қыздар кейде: “Біз оның қамқорлығын көрмесек, ол бізден қандай жылулық күтеді?” деп айтады. Ал мен оларға: “Жоқ, сендер оған тек бақыт тілеңдер. Жаңа отбасымен, балаларымен бақытты болсын” деп айтып отырамын», - деп қорытындылады Алтынай Жорабаева.