Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-пен Patriot әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесіне арналған зымырандарды тұрақты жеткізу жөнінде келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Зеленский бұл туралы Сербия президенті Александр Вучичпен өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Украина басшысының сөзінше, қазіргі таңда зымыранға қарсы қорғаныс құралдарын жеткізу мәселесі бірнеше бағыт бойынша қарастырылып жатыр. Негізгі өндірушілердің бірі – АҚШ.
"Олар бізге ай сайын зымыран бөле ме? Иә, бізде мұндай келісім бар", – деді Зеленский.
Сонымен қатар Украина президенті қолда бар зымырандардың әлі де жеткіліксіз екенін атап өтті. Оның айтуынша, биыл жеткізілім көлемі бұған дейінгі кезеңмен салыстырғанда азайған.
Зеленский Украина әуе қорғанысын күшейту үшін серіктес елдермен осы бағыттағы жұмысты жалғастырып жатқанын жеткізді.