Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

«Уақыт қалай тез өтіп жатыр»: Айгүл Иманбаева тосын сырын айтты

«Уақыт қалай тез өтіп жатыр»: Айгүл Иманбаева тосын сырын айтты
Сурет: скриншот

Танымал актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева жұбайымен шаңырақ көтергеніне екі жыл толуына орай ерекше естелігімен бөлісті, деп хабарлайды Arasha.kz, Qazaq Today-ға сілтеме жасап.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуі екеуі үшін маңызды болған жерден видео жариялаған. Ерлі-зайыпты АҚШ-та, Тынық мұхитының жағалауына барып, осыдан екі жыл бұрын болған сәтті еске түсірген.

«Жаным, мына жер есіңде ме? Осы жерде саған ұсыныс жасаған едім», -  деп сұрады актрисаның жұбайы.

Айгүл Иманбаева бұл сәттің әрбір деталі әлі күнге дейін есінде екенін айтып, дәл осы жағалауда сүйіктісінен тұрмысқа шығу туралы ұсыныс алғанын жеткізді.

«Иә, есімде. Дәл осы Тынық мұхитының жағасында, дәл осы біз тұрған жерде екі жыл бұрын менің жаным маған тұрмысқа шық деп ұсыныс жасады. Ана жерде маяк, мына жерде Тынық мұхиты, толқын. Дәл осылай самал жел есіп тұрған. Күн де дәл осылай жарқырап тұрды. 2024 жылдың 2 ақпанында ұсыныс жасады. 23 ақпанда Беверли-Хиллс ауданында әкімшілікте қол қойдық. Ал 8 наурызда Палисейдстегі мешітте неке қидырдық. Уақыт қалай тез өтіп жатыр», - деді Айгүл Иманбаева.

Айта кетейік, өнер иесі осылайша жұбайының өзіне қалай ұсыныс жасағанын көрсетіп, екі жыл бұрынғы ерекше күнін еске алды.