Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанға қатысты жаңа видео жариялады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оның айтуынша, Ұлдана мен Әділет 2025 жылдың қазан айының соңында шаңырақ көтерген. Алайда олардың отбасылық өмірі небәрі екі аптаға жуық уақытқа созылған.
Руслан Өтепбайдың жазуынша, 8 қараша күні Ұлдана жұбайына қонжық бейнеленген сурет жіберіп, онымен қысқаша сөйлескен. Осыдан кейін ол кезекті жұмыс шақыртуына кеткен.
«8 қараша күні фельдшер Ұлдана күйеуіне қонжықтың суретін жіберіп, аз-кем сөйлесіп, вызовқа шығып кетеді. Ары қарай не болғанын барлығымыз білеміз», – деп жазды журналист.
Желіде тараған бұл видео Ұлдананың қайғылы оқиғаға дейін жұбайымен болған соңғы хат алмасуларының бірі ретінде көрсетіліп отыр.