Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

11-қабаттан секірген әйел аман қалды (ВИДЕО)

11-қабаттан секірген әйел аман қалды (ВИДЕО)
Сурет: скриншот

Германия астанасы Берлинде өрт кезінде 11-қабатта қалып қойған әйел құтқарушылар дайындаған арнайы төсенішке секіріп, аман қалды, деп хабарлайды Arasha.kz, zyndan.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 14 тамызда болған. 21 қабатты тұрғын үйдің 11-қабатындағы пәтерден өрт шығып, жалын жоғары қабаттарға тараған.

Қауіпті жағдайда қалған әйел терезеге шығып, көмек күткен. Алайда өрт сөндіру көлігінің сатысы небәрі 9-қабатқа дейін жеткен.

Осы кезде құтқарушылар әйелді қауіпсіз жерге түсіру үшін терезенің астына арнайы құтқару төсенішін орналастырған. Басқа амал қалмаған соң әйел бірнеше қабат биіктіктен төменге секірген.

Абырой болғанда, құтқару операциясы сәтті аяқталып, әйел аман қалды.

Өртті толық бақылауға алу үшін мамандарға үш сағаттан аз уақыт қажет болған.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің назарын аударды.